2009 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 109 шешімі
(2009.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Кодексінің 9 бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.16.02. № 138 шешімімен (бұр.ред.қара); Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.25.04 № 145 шешімімен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.22.07 № 175 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) түсімдер - 31 937 112 мың теңге,
соның ішінде:
салықтық түсімдер - 10 413 490 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 634 050 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 501 400 мың теңге;
трансферттер түсімі - 17 388 172 мың теңге;
2) шығындар 30 246 578,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелер - 0 теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар
бойынша сальдо - 23000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 23000 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін
сатудан түскен түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет профициті - 1 667 533,7 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - 1 667 533,7 мың теңге;
2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер қалалық бюджет кірісіне толық есептелсін.